Жаңалықтар

Ресейлік сарапшы Президенттің бес әлеуметтік бастамасына қатысты пікір білдірді

16.03.2018

Ресейдегі президент сайлауына санаулы күндер қалды. Сегіз үміткер әлі де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олардың басым бөлігі әлеуметтік мәселені шешіп, экономикалық теңсіздікті азайтамыз деп уәде беріп отыр. Мәселен, парламенттік "Либералды-демократиялық партия" мен "Коммунистік партия" аз қамтылған отбасыларға салық көлемін азайтуды ұсынды.

Бұл тұрғыда экономистер Ресейде қазақстандық тәжірибенің жүзеге асуы мүмкін екенін айтады. Еуразиялық даму банкінің бас экономисі Ярослав Лисоволиктің пікірінше, Қазақстан президенті көтерген бес әлеуметтік бастама, әсіресе, жалақысы аз қазақстандықтар үшін салық жүктемесін азайту, жоғары білім алуға жағдай жасау, шағын және орта бизнеске несие беру халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта түсері айдан анық.

Ярослав Лисоволик, Еуразиялық даму банкінің бас экономисі:

– Қазақстан – тұрғындар кірісінің теңсіздігін азайту жағынан еуразиялық кеңістіктегі табысты экономикасы бар елдердің бірі. Мұндай шара салық жүктемесінің көптігін азайту үшін жасалып отыр. Ең алдымен, халықтың аз қамтылған топтары үшін салық жүктемесін төмендету жөнінде айтсақ, Қазақстан – бұл шараларды жүзеге асыру барысында алдыңғы қатардағы ел.