Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге президенттік сайлауда сәттілік тіледі

15.03.2018

Ақордада өтіп жатқан Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге президенттік сайлауда сәттілік тіледі.

"Әрине, біз Орталық Азия елдерімен және Қазақстанмен ғана шектеліп қаламыз деп айтпаймыз. Бізде Ресей мен Қытай Халық Республикасы сияқты алып көршілер бар, олармен үлкен байланыстамыз. Барлық көліктік бағдарлар – бұл Ресей, ал Жібек жолы – бұл Қытай", – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті аталған алып елдермен, үлкен нарықтармен ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыра беретіндігімізді айтты.

"Ресейде сайлаудың жақсы өтуіне тілектеспіз. Әрине, біз Владимир Владимирович Путинге сәттілік тілейміз", – деді Қазақстан Президенті.