Жаңалықтар

Якутияда Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылады

14.03.2018

Саха Республикасының (Якутия) Ұлттық кітапханасында Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің орталығы ашылады.

Орталықта ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі жайлы кітаптар, оның халықаралық аренадағы орны сонымен қатар қазақ жазушыларының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі кітаптары қойылады.

Орталыққа 200 кітап сыйға тартылады. Кітапхана қызметкерлері бұл кітаптардың оқырмандардың қызығушылығын арттыратынына сенімді. Олар қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен тереңірек таныса алады.

Саха Республикасының (Якутия) Ұлттық кітапханасы Ресейдің солтүстік-шығысындағы ірі орталықтардың бірі. Кітап қоры 1,6 млн көлемінде. Мұнда негізінен орыс, якут және солтүстіктегі халықтардың тілінде шыққан кітаптар сақталған.