Жаңалықтар

Павлодар қаласы мектебінің оқушысы Мәскеуде өткен IV Халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

13.03.2018

"Өнер арқылы өмірге жол" жобасының шеңберінде Мәскеу қаласында "Ресей халқының ертегілері және әлем балалар көзімен – Қытай ертегілері" халықаралық суреттемелер сайысы өтті. Осы жылы сайысқа 5000-нан артық жұмыс қатысты, солардың ішінде Павлодар қаласы №2 Балалар көркемсурет  мектеп оқушыларының 12 жұмысы да ат салысты.

Ал жеңімпаз атағын 10 жастағы Арина Гергерт түрлі-түсті қағаз және гуашь техникасында орындаған "Ханзада және тасбақа" жұмысымен жеңіп алды. Арина сондай-ақ  осы жылы "Майдан жолы" іздестіру бөлімінің ұйымдастырумен өткен "Менің Қазақстаным" атты қалалық байқауында 3орынға ие болды.

"Ханзада және тасбақа" қытай ертегісіне гуашь техникасында  суреттеме орындаған (10 жастағы) Карина Төлегеноваға сайыс лауреаты атағы бұйырды. Ал осы екі қыздың жетекшісі мектебіміздің жетекші ұстазы Сәуле Пернебаева.

Сайыстың әділ-қазылар алқасы жұмысы өте қызықты өтуде. Бастапқыда олар жіберілген жұмыстардың ішінен 300 ең үздік жұмысты таңдап алды, сода кейін Халықаралық суретші-ұстаздар одағының 30 мүшесі осы жұмыстар үшін онлайн дауыс беруге қатысты. Электрондық галереяға жіберілген жұмыстар цифрлік форматта іріктеп алынады, ал ұпайлар өлшемдерге сәйкес қойылатын болады. Галереядағы жұмыстар автоматты түрде алған ұпайлары бойынша іріктелінеді. Ең жоғары бағаланғандардың ішінен, екінші кезеңнің қазылар алқасы кітап шығару үшін ең үздігін таңдап алады.

Сайыс шарттары бойынша жеңімпаздар анықталғанан кейін, олар Мәскеу қаласында орналасқан ұйымдастыру комитетіне жұмыстардың түпнұсқасын жіберулері қажет. Ең үздік деп танылған жұмыстар «Ресей халқының ертегілері және әлем балалар көзімен – Қытай ертегілері» кітабының суреттемесі болады. Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 28 наурыз күні Мәскеу қаласындағы Үздіксіз көркемдік білім беру орталығында (ҮКБО) өтеді.

"Ал біз болсақ сайыс жеңімпаздары суреттеген, солардың ішінде біздің де оқушылар кірген кітаптар мен марапаттарды күтудеміз", – деді мектеп басшысы Наталья Герусова.