Жаңалықтар

Ресейде оқып жатқан қазақстандық тәлімгерлерге хабарландыру!

18.01.2018

Қазақстанның Ұлттық компаниясы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді "Жас Өркен" тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

Іріктелген жиырма жас түлек ай бойы Ұлттық компанияның бірнеше қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтетін болады.

Жас мамандарға арналған бағдарлама сәтті өткен жағдайда, Ұлттық компанияның құрамында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып, әрі қарай жетілу жоспары жасалынады. Бағдарлама аяқталған соң, үздік деп танылғандарҚазақстанның ұлттық компанияларына жұмысқа орналастырылады.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;

2) 2016,2017,2018 жылдарғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек.

Байқау 4 (төрт) айналымнан тұрады.

Байқау өткізу барысында "Самрұқ-Қазына" корпоративтік университеті» қатысудың тең мүмкіндігі, байқау өлшемдері мен тәртіптерінің айқындығы және лайықты жеңімпазды анықтау тәрізді негізгі қағидаттарды басшылыққа алады.

Байқауға қатысу өтініші 2018 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін байқаудың ресми сайтында – www.skcu.kz/zhasorken – онлайн тіркелу арқылы беріледі.

2018 жылғы 31 наурыздан кейін алынған байқау өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды. Байқау өтінішінің тіркелгені үміткер байқау өтінішінде көрсеткен пошта (электронды) мекенжайына жіберілген, өтініштің тіркелгені туралы хабарлама арқылы расталады.

Әр айналымның нәтижесі ресми сайтта жарияланады. "Жас Өркен" тағылымдамасына қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы соңғы шешімді байқау комиссиясы шығарады.