Жаңалықтар

ҚР-ның Мәскеуде жаңа Консулы тағайындалды

17.01.2018

ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР-ның Мәскеуде консулы болып Ақатаев Бауыржан Рымқанұлы тағайындалды.

Бұған дейін ол ҚР СІМ консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.

Бауыржан Ақатаев Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі.

2002 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде еңбек етуде. Әр жылдары ҚР СІМ мемлекеттік қызмет протоколы, консулдық қызмет департаменті, ҚР Тәжікстандағы елшілігінде де еңбек етті.