Жаңалықтар

Астанада жұмыс істейтін ЕАЭО елдері азаматтарының саны 2 есе артты

15.01.2018

Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы Астанаға жұмыс істеу үшін шетелдік азаматтардың  көптеп келуіне негіз болып отыр, деп хабарлады ҚР ІСМ баспасөз қызметі.

2017 жылы ЕАЭО туралы келісім бойынша Астанада 10 мыңға (9938) жуық  адам жұмысқа орналасты. Олар Ресей, Беларусия, Армения мен Қырғызстан азаматтары. Бұл 2016 жылғы (5203) көрсеткіштен екі есе көп. Шамамен 43 мың еңбек мигранты жеке тұлғаларда жұмыс істеуге рұқсат (патент) алды, бұл  2016 жылғы көрсеткшітен 41%-ға жоғары. 

"Патент алуға мүдделі шетелдік азаматтар саны  көктем-жаз мезгілінде артады, ол кезде көші-қон қызметінің мамандары күніне 500-ге дейін рұқсат беруі мүмкін", – деп атап өтті ҚР ІІМ Көшін қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов. 

Айта кетер болсақ, Астанада көші-қон қызметінің мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру мақсатында еліміз бойныша алғаш рет "Көші қон ХКҚО – көші-қон қызметінің орталығы" іске қосылды.