Жаңалықтар

Ресейлік сарапшы: Қазақстан – тараптарды татуластыратын ел

17.01.2018

Қазақстан осы айдың соңына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. 18-ші қаңтар күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте өтетін аталмыш ұйымның жоғары деңгейдегі брифингінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Осыған орай, шетелдік сарапшылар еліміздің төрағалық қызметіне үлкен үміт артып отыр.

Ярослав Лисоволик, РФ Үкіметі жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі:

– Сирия мәселесін бейбіт түрде реттеу процесі кезінде бүкіл әлем Қазақстанның қандай маңызды рөл атқарғанын көрді. Яғни, халықаралық қауымдастық, қазақ елінің аймақтық және жаһандық проблемалар бойынша келіссөз жүргізіп, ара ағайын бола алатынына көз жеткізді. Мәселен, келіссөздер өткізуге арналған алаң ретінде жұрттың бәрі Швейцарияны жақсы біледі. Меніңше, енді Қазақстан да өзінің жылдар бойы жинаған беделі мен саяси капиталының арқасында әлемдік түйткілдерді шешуге қауқарлы елге айналды.