Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 28% өсті

13.01.2018

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 2017 жылдың қаңтар-қарашасында қаржы эквивалентімен алғанда 15 599,2 млн. долларды құрады. Бұл 2016 жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 28 пайызға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Аталған мерзімде ЕАЭО елдерінің экспорты қаржы эвивалентімен алғанда 4600,3 млн. долларға, (бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 31,3% көп), импорт 10 998,9 млн. долларға жетті (+26,7%).

Бұл ретте, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінің 92,3 проценті Ресейге, 4,2 проценті Қырғызстанға, 3,5 проценті Беларусь еліне тиесілі екенін айта кету керек.