Жаңалықтар

Ресейлік сарапшы Жолдау туралы: Қалаларды дамыту маңызды бағыттардың бірі

11.01.2018

Жолдаудың негізгі бағыттарын бағындырған жағдайда, Қазақстанды зор болашақ күтіп тұр. "Еуразиялық даму банкінің" бас экономисі Ярослав Лисоволик қазақстандық журналистерге берген сұхбатында осындай пікір айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Сарапшының айтуынша, Елбасы Жолдауы қазіргі әлемдік экономикада байқалып жатқан негізгі  үрдістермен тығыз байланысты. "Біз қазір адам капиталы және цифрлық технологияларды дамытудың маңыздылығын көріп отырмыз. Дамыған елдер арасында  осы саланы дамыту бойынша үлкен бәскелестік жүріп жатыр. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен ел болғандықтан, бағытты дұрыс таңдап отыр", – деді Ярослав Лисоволик.

Сарапшының ойынша, адам капиталын дамыту тұрғысынан Жолдаудағы білім және денсаулық саласына басымдылық берілуі өте маңызды. "Соңғы онжылдықтағы барлық экономикалық зерттеулердің негізі адам капиталының дамуы болып табылады. Ол ұзақ мерзімдік жоспарларда экономикалық өсу қарқынын айқындайтын экономикалық өсудің кілті болып табылады. Көптеген елдердің соңғы онжылдықтағы жетістіктері адам капиталын дамытумен байланысты", – деді  Я.Лисоволик.

Ярослав Лисоволик Қазақстан үшін де, Еуразия аймағындағы барлық елдер үшін де әлеуетті өсу факторларының бірі болып табылатын еңбек өнімділігінің артуын атап өтті. "Қазақстан Президентінің қалаларды дамыту бағыты туралы айтқаны өте маңызды. Әлемдегі алдыңғы қатарлы макроэкономикалық көрсеткіштердің елдер осыған күш салуда. Менің ойымша бұл өте дұрыс", – деді ол.

Жолдаудағы  қаржы секторы мен макроэкономикалық тұрақтылықты дамыту қажеттілігіне тоқталып өткен сарапшы "Қазақстан Республикасының Президенті шешімін күтіп тұрған ең негізгі мәселелердің бірін дұрыс атап өтті", – деді. "Негізінен, соңғы бірнеше жыл ішінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан біраз жетістіктерге жетті. Сондықтан Президент белгілеген негізгі мақсаттарға қол жеткізген кезде, Қазақстан өзінің экономикалық өсу қарқынын ұстап тұрып қана қоймай, одан әрі жеделдетіп, әлемдік экономиканың жетекші елдерінің қатарында жоғары өрлеу мүмкіндігіне ие", – деп атап өтті сарапшы.