Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Атырау-Астрахань жолы көктемнен бастап жөнделеді

5.01.2018

Атырау облысында 2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жалғасады.

"Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 60 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе автомобиль жолдары қайта жөнделеді. Бұл – алдағы көктемге жоспарланған жұмыстар. Қала және қала маңындағы кенттердің 207 көшесінің жолын жаңалау бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайды", – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағы бөлім басшысы Әсет Оразғалиев.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер