Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Православиелік христиандарды Рождество күнімен құттықтау

7.01.2018

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі барша православиелік христиандарды Рождество күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан көпұлтты мемлекетімізде мұсылман мерекесі – Құрбан айт, Христиандық рождество, шығыстың Жаңа жылы және басқа да ұлттық діни мерекелер салтанатты түрде аталып өтеді. Бұл біздің тәуелсіз елімізді мекендеген көптеген этностардың арасындағы берік достықтың, толеранттықтың айқын дәлелі болып табылады.

Православиелік христиандық және ислам біздің мемлекетіміздегі негізгі діндердің бірі. Екі дін де адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және төзімділікке шақырады. Рождество мерекесі күні бір-біріне сыйлық жасап, ізгілік, қайырымдылық үлгі-өнегесін тарату  дәстүрдің біріне айналған.

Қастерлі мереке күні Сіздерге ізгілік, мықты денсаулық пен бақыт тілейміз. Біздің елімізде әрдайым өзара түсіністік пен халықтар достығының рухы өшпесін!

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер