Жаңалықтар

Қазақстандық және ресейлік мамандар спутниктерді бөгеуілсіз пайдалану мәселелерін талқылады

21.11.2017

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі, "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ мен "Газпром космические системы" АҚ (Ресей) өкілдері арасында үйлестіру кездесуі болды.

Кездесудің мақсаты "Ямал-402" және "KazSat 3" спутниктерін одан әрі бөгеуілсіз пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумақтарын екі тараптың перспективалы спутниктік желілерінің қызмет көрсету аймақтарына кіргізу мәселелерін талқылау болды.

Міне 3 жылдан бері "Ямал-402" және "KazSat-3" спутниктері орбитада "жоспарлы" жиіліктер жолақтарындағы өзара бөгеуілдер оқиғаларын тіркеместен бірлесе пайдаланылуда, мұның өзі оператораралық деңгейдегі сапалы жұмысты білдіреді.

Спутниктік байланыстың операторы «Газпром космические системы» АҚ мен Қазақстан Республикасының делегациясы арасындағы спутниктік желілерді үйлестіру бойынша келіссөздер Хаттамасына қол қою өткізілген кездесудің қорытындысы болды.

Тараптар спутниктік байланыс саласындағы мәселелердің кең шеңбері бойынша, оның ішінде қолданыстағы спутниктердің бірлескен бөгеуілсіз жұмысын одан әрі қамтамасыз ету бойынша одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық туралы ниет білдірді.