Жаңалықтар

"Еуразия" жоғарыжылдамдықты теміржол дәлізінің бағыты белгілі болды

17.11.2017

16 қараша күні Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысында "Еуразия" жоғарыжылдамдықты жүк және жолаушылар теміржол дәлізін құру мәселесі қолдау тапты.

Дәліздің бағыты белгілі болды. Олар: Мәскеу – Қазан – Екатеринбург –Челябинск – Горбуново – Петропавл – Көкшетау – Астана – Қарағанды – Балхаш – Алматы (Қапшағай) – Алтынкөл бағыттары.

Жобаны іске асыру үшін екі ел өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылады. Бұл топ техникалық-экномикалық негіздемені әзірлеу үшін техникалық тапсырманы дайындайды.