Жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйледі

22.09.2017

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөз сөйледі. Министр мүше-мемлекеттерді Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы туралы хабардар етті, сондай-ақ негізгі жаһандық проблемалар бойынша еліміздің ұстанымдарын ұсынды.

СІМ басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл жариялаған Қазақстанның Үшінші модернизациясына егжей-тегжей тоқтады. "Біз экономикалық көрсеткіштер мен мемлекеттік басқару тұрғысынан әлемдегі ең озық стандарттарға сәйкес келетін әлемнің бәсекеге қабілетті алғашқы отыз елдердің бірі болуға ұмтыламыз. Экономикалық өсудің жаңа үлгісі осы өршіл мақсаттарға қол жеткізу жолын анықтайды", – деді министр. Бас Ассамблеяға қатысушылар Қазақстандағы конституциялық реформа, сондай-ақ рухани жаңғырту бағдарламасы туралы хабардар етілді.

БҰҰ реформасы жайында айта отырып, ұйымның халықаралық дағдарыстарға тиімді төтеп беру қабілетін жақсарту үшін Қазақстан бұл үдерісті қолдады. Министр баяндамасында Біріккен Ұлттар Ұйымы неғұрлым жақсы, қауіпсіз, әрі тұрақты өмір сүру үшін үміт асыратын әмбебап институт, бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адамдар үшін үміт шырағы болып қалатыны атап өтілді. Қазақстан Алматыда тұрақты даму, гуманитарлық жәрдем, апат қаупін азайту және өңір мен одан тыс жерлерде тұрақтылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударатын БҰҰ көпжақты дипломатиясының өңірлік орталығын (хабын) құру бойынша жұмыс атқаруда.

Отандық дипломат "XXI ғасырдағы адамзаттың ең өзекті міндеті" ретінде жаһандық ядролық қарусыздану үдерісі жөнінде Президент Н. Назарбаевтың көзқарасын жете айтып шықты. Ол ядролық сынақтарға толық тыйым салу, ядролық қаруға толық тыйым салу, ядролық арсеналдарды толық жойып тексеру сияқты маңызды қадамдарды қамтиды. Қ. Әбдірахманов Мемлекет басшысының АЭХА Төмен байытылған уран банкінің ашылуында жариялаған бастамаларын, атап айтқанда ядролық қарусыздану болашағын талқылау үшін ядролық қаруды иеленуші елдерінің саммитін шақыру, өңірлік ядролық қарусыз аймақтарының рөлін күшейту, ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттерін жаңарту және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың 2020 жылға дейін күшіне енуін қамтамасыз ету.

"Біз бүкіл халықаралық қоғамдастықтың кінәраттағанына қарамастан ядролық сынақтарды ХХІ ғасырда жалғастырып жатқан жалғыз ғана мемлекет болып табылатын КХДР осындай сынақтарды өткізгенін терең алаңдаушылықпен атап өтеміз. КХДР-дың ядролық және зымырандық бағдарламаларды одан әрі дамыту жөніндегі әрекеттерін қабылдауға мүлдем болмайды", – деп баяндамада аталып өтті.

Қазақстан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрес жөніндегі бөлiмшесiн құру идеясын қолдап, Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу бойынша іс-әрекет кодексін әзірлеуді бастады. Жақында қазақстандық тарап Жаһандық терроризмге қарсы БҰҰ стратегиясын Орталық Азияда жүзеге асыру үшін 300 мың АҚШ доллар бөлгенін хабарлады Министр.

Қ.Әбдірахманов Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен және тікелей қатысуымен биыл басталған Сирия бойынша Астана келіссөздер үдерісінің негізгі аспектілерін жарықтандырды. Министр бұл үдеріс атысты тоқтатуға, деэскалация аймақтарын құруға және мониторинг тетігін дамытуға бағытталған оң нәтижелерді бергенін атап өтті.

Қазақстанның Таяу Шығыстағы бейбітшілікке жол іздеу үдерісі бойынша ұстанымы екі мемлекет қағидасында негізделген: егемен, тәуелсіз, өмірге бейімді және біртұтас, Израильмен бүйірлес қатар өмір сүріп жатқан, шекарасы танылған және қауіпсіздік аясында астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан Палестина Мемлекеті болуы тиіс екені баяндамада атап көрсетілген.

Министр Астана Саммитінде Ислам ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттері Рохинджа қауымдастығына қатысты зорлық-зомбылықты айыптағанын және гуманитарлық дағдарысты тоқтату үшін БҰҰ, ИЫҰ мен Мьянма үкіметі арасындағы диалогқа шақырғанын хабарлады.

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілігі бойынша қызметін нығайту және жетілдіру ісіне толығымен берік, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының жанжалдардың алдын-алу мен бейбітшілікті қолдауға негізделген бітімгершілік бойынша жаңа көзқарасы бітімгершілік операциялардың тиімділігі мен есептілігін жоғарылатады деп есептейді.

Сонымен қатар, Министр БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстанның 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалығына дайындығы туралы ақпараттандырды. Осы бағытта Президент Н. Назарбаевтың қатысуымен бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі ашық дебаттарды өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Ауғанстан мен Орталық Азияда қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелеріне аса назар аударылады.

Жаһандық тұрақты дамудың басымдылығы тақырыбында Қ. Әбдірахманов «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық мамандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің және Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші Саммиті сәтті өткізілгенін хабарлады.

"Жасыл экономика" мен "Жасыл бизнес" ілгерілету бойынша үздік тәсілдерінің бірі ЭКСПО инфрақұрылым мұрасын пайдалану деген ойдамыз. БҰҰ бес агенттіктерінің қолдауымен біз "Болашақ энергиясы" жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың Халықаралық орталығын құрамыз. Оның қызметі Рио+20 қорытынды құжатында көрсетілген Қазақстанның "Жасыл көпір" серіктестігі бағдарламасына толығымен сәйкес келетін болады", – деп атап өтті министр. Ол, сондай-ақ Астана Халықаралық қаржы орталығы мен ІТ- стартаптарының құрылуы туралы ақпараттандырды.

* * *

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Қауіпсіздік Кеңесі тарапы бойынша бірнеше іс-шараларға қатысты, атап айтқанда, бітімгершілік мәселелеріне байланысты жоғары деңгейдегі ашық дебаттарға, Таяу Шығыстағы терроризм мәселелері бойынша отырысына, сондай-ақ Қазақстанмен күн тәртібінде мәселелерді шешуге арналған жеке көзқарасы ұсынылған жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері бойынша министрлік отырысына қатысты.