Жаңалықтар

Ресей қарағандылық бидайық шөпке қызығушылық танытып отыр

22.09.2017

Алғаш рет Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институты (ҚӨСҒЗИ) бес тонна бидайық шөпті (еркекшөпті) (житняк) Ресейге экспорттады. Егер тауар сатып алушыларға ұнайтын болса, жөнелтілетін өнім көлемі анағұрлым ұлғайтылатын болады.

– Біз Ресей Федерациясына сынама түрде бес тонна еркекшөп жөнелттік, – деп мәлімдеді "ҚӨСҒЗИ" ЖШС бас директоры Дамир Қалдыбаев. – Мұндай аз көлем Ресей үшін біздің нарық таңсық болғандықтан әзірге біздің тауарға сенімсіздікпен қарауымен түсіндіріліп отыр. Егер өнімнің сапасы олардың көңілінен шығатын болса, ресейліктер анағұрлым көп көлемде – 150 тонна шөпті сатып алуға дайын.

Сонымен қатар "Карагандинская-30" бидай сұрыпын көршілес Ақмола облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері сатып алмақшы. Биылғы жылы сынақ учаскілерінде бұл сұрып ең үлкен өнімділікті – бір гектардан 15 центнерді көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша құрғақ климат жағдайында бұл бидай түрі жоғары көрсеткіштерге ие болады.

Әзірге ҚӨСҒЗИ тұқымдарының негізгі тұтынушылары – жергілікті шаруалар. Мұнда тары, сұлы, арпа дәндері, бір жылдық және көпжылдық шөптер сатып алынады.

Бидайық шөп – аса күтімді қажет етпейтін жер мен климатқа бейімделген көпжылдық шөптердің түрі. Ол ХХ ғасырдан бастап құнды азық шөп ретінде пайдаланады.