Жаңалықтар

Қазақстандық өнім Ресей сөрелерінде пайда болады

20.09.2017

Бірқатар отандық өндірушілер биыл өз өнімін Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өңірлерінде орналасқан Ресей сауда орталықтарына ұсынады.

Kaznex Invest экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырған келіссөздердің нәтижелері бойынша, ірі ресейлік ритейлер сөрелерінде ет, шұжық өнімдері, макарондар, шырындар пайда болады.

Kaznex Invest жәрдемімен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен МЕТРО Кэш энд Керри Қазақстан арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, соған сәйкес тараптар қазақстандық өндірушілердің өнімдерін Қазақстанның ішінде де, шетелде де МЕТРО сауда нүктелеріне жылжыту мәселесін бірлесіп шешуге келісті. Сонымен қатар Kaznex Invest агенттігі отандық тауарларды жеткізу жөнінде және Ресейде таныстырылған басқа да сауда желілерімен келіссөздер жүргізуге ниетті.

МЕТРО Кэш энд Керри – ұсақ көтерме сауданың халықаралық көшбасшысы. METRO және Makro брендтерімен 30 елде 700-ден астам орталықты басқарады. Дүкендердің жалпы сауда алаңы 5,3 млн. шаршы метрден асып түседі.