Жаңалықтар

Алматыда "Қазақстандық татарлар" кітабының тұсаукесері өтті

18.09.2017

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханада "Қазақстандық татарлар" атты безендірілген энциклопедиялық анықтаманың тұсаукесер рәсімі өтті.

Энциклопедиялық анықтама − Татар Республикасы Ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері Рафаэль Шайдуллиннің редакторлығымен Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының татар  энциклопедия және аймақтану институты авторларының ұжымы құрастырылды. Энциклопедиялық анықтама "Қазақстандық татарлар" Қазақстанның татар диаспорасы мен Татарстан татарларының тарихи-генетикалық, мәдени байланыстарының негізінде жазылған. Кітапта татарлар мен қазақтардың және Қазақстан татарларының  арасындағы діни өмірлік қарым-қатынастық тарихына ерекше көңіл бөлінген: ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, өндіріс және ауыл шаруашылығы, саяси, қоғамдық және дін саласындағы тұлғалардың өмірбаяндық мақалалары жазылған. Қазақстандағы  татарлар орналасқан жерлерді безендіру үшін шағын карта жасалған.

Тұсаукесер рәсімінің ұйымдастырушысы − қазақстандық татарлар және башқұрттар конгресі. Тұсаукесерде анықтаманың авторы мен құрастырушысы Татар Республикасы Ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері Р.Шайдуллин,  Қазақстандық татар және башқұрттар Конгресінің төрағасы Т.А.Каримов, тарихшы және журналист М.И.Ерзин, музыкант және композитор Г.Г.Тамендаров, Қазақстанға еңбегі сіңген педиатр А.Ш.Исмагилова, тарихшы, педагогика ғылымының докторы, профессор Г.Т.Хайруллин және т.б.

Іс-шара шеңберінде "Қазақстандық татарлар" атты энциклопедиялық анықтама ҚР Ұлттық кітапханасының қорына және тұсаукесер рәсіміне қатысушыларға сыйға тартылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстанда тұрып жатқан татар диаспорасының тарихи өмірі мен салт-дәстүрлеріне арналған, сондай-ақ көркем шығармалар қазақ, орыс және татар тілдерінде қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.