Жаңалықтар

ҚР-ның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы үш есе артты

18.09.2017

2017 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9 415,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 34,0%-ға артты, соның ішінде экспорт – 2 878,0 млн. АҚШ доллары (37,5%-ға өсті), импорт – 6 537,6 млн. АҚШ доллары (32,5%-ға өсті), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнің Статистика комитетi хабарлайды.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда  айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4%, Қырғызстан Республикасына – 4,2%, Беларусь Республикасына – 3,3%  келеді.