Жаңалықтар

Қазақстандық әнші "Жаңа толқын 2017" байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды

15.09.2017

Қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісов "Жаңа толқын 2017" байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 7 млн рубль болды. Оны мына өнерпаздар өзара бөлісті: 1-орын – Сардор Милано (Өзбекстан),  DoReDos (Молдова) тобы, Эрна Мир (Армения); 2-орын – Сюзанна Мелконян; 3-орын – Lilu (Вьетнам).

Ал көрермендер көзайымы – "Гауһар толқын" жүлдесін және атақты швейцариялық Jacob & Co маркалы сағатты Рүстем Жүгінісов жеңіп алды.

Айта кетейік, "Жаңа толқын 2017" байқауының көрермендер көзайымы сыйлығын Twelve Thirteen зергерлік компаниясы даярлаған. Еске сала кетейік, 2005 жылы қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова да дәл осындай сыйлықты еншілеген еді.

Одан бөлек, осы жылдар ішінде аталған байқауда жеңіске жетіп, бірқатар жас таланттардың аты мәшһүр болды. Олар: Дима Билан, Сергей Лазарев, Анастасия Стоцкая, Ирина Дубцова, Полина Гагарина, Нюша, Джамала және басқалары.