Жаңалықтар

Соңғы айда Астанаға 700 мың турист келді

21.07.2017

Соңғы айда Астанаға келген шетелдік туристердің саны 700 мыңнан асты. Қызмет көрсетуші мекемелердің табысы артып, салық түсімі де 2,6 есеге өскен.

Былтыр елімізге Қытайдан келген туристер саны 117 мыңнан асты. 2025 жылға қарай демалысын Қазақстанда өткізгісі келетін шетелдік мейман санын 7 миллионға дейін өсіру көзделіп отыр. Осылайша туризм саласының жалпы ішкі өніміндегі үлесі 8 пайызға өспек. Бүгінде бұл көрсеткіш небары 0,9 пайызды құрап тұр. Елдегі аймақтарды 6 кластерге бөліп, әкімшілік кедергілерді  азайту мәселесі көтерілді.

Айта кетейік, былтыр елімізге тартылған жеке инвестиция көлемі 130 млн теңгені құрады. Биыл бұл көрсеткішті 145 миллионға, ал 2021 жылы 280 миллион теңгеге өсіру жоспарланып отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегінше, Қазақстан туризм саласындағы бәсекелестікке қабілетті ел ішінде 81-орында тұр. Ал елдегі қауіпсіздігі жағынан Франция, Ұлыбритания және АҚШ елдерінен ілгері 58-орынға тұрақтады.