Жаңалықтар

Ресей телеарнасы нәрестені құтқарып қалған ақтаулық жолсерік туралы фильм түсіруде

21.07.2017

Бүгін, 21 шілде күні Маңғышлақ станциясында Алтынайды күтіп алу эпизоды түсіріледі. Алтынай Рамбаева өзі құтқарып қалған Фатиманың екінші анасы атанды, ол бүлдіршінді қызым деп атайды.

Сонымен қатар үстіміздегі айда 9 айлық баланы құтқарып қалған ақтаулық жолсерік Алтынай Рамбаева көрші елде де танымалдылыққа ие болды. Ресейдегі "Домашний" телеарнасы ол туралы деректі фильм түсіруге ниет білдірген болатын.

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың 3 шілдесінде "Маңғыстау-Астрахан" бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева 9 айлық Фатиманың өмірін сақтап қалған еді. Оқиға жолда болған. Мақат станциясында купелердің бірінде баланың жансыз денесі табылып, көп ұзамай жолсерік оны медициналық көмек көрсету арқылы тірілтеді.