Жаңалықтар

Росатом Қазақстанда өзінің жоғары технологиялық бейатомдық өнімдерін ұсынды

19.07.2017

Бүгін Астана қаласындағы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ресейлік атом технологияларына арналған Атом апталығы аясында «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы атом саласындағы бейядролық технологиялар мен бейэнергетикалық шешімдерге арналған Дөңгелек үстел өткізді.

«Русатом — Халықаралық жүйесі» ұйымдастырған «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының бейатомдық өнімдері – Қазақстанның тұрақты дамуына арналған жоғары технологиялар» дөңгелек үстелінің мақсаты қазақстандық мамандарды бейядролық және бейэнергетикалық бағыттағы өнеркәсіптердің өнімдерімен таныстыру.

Дөңгелек үстелдің ашылуында сөз алған «Русатом халықаралық жүйесі» компаниясының президенті Александр Мертен шараның маңыздылығын атап, бұл өнімді көрсетудің ерекше мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның барлық түрлері мен үлгілерінің дамуы үшін, бизнес-альянстар мен ортақ өнеркәсіптер құрудың жаңа мүмкіндігі екендігін көрсетті: «Біз 2030 жылға қарай жаңа өнімдерден пайда табудың үлесін жалпы табыста 30% дейін жеткізу стратегиялық мақсатын қойып отырмыз. Бүгіннің өзінде жаңа өнімдерге деген 10 жылдық мерзімге тапсырыстар қоржыны 16,8  млрд. АҚШ долларын құраса, 2016 жылғы жаңа өнімдерден түскен пайда 3,15 млрд. АҚШ долларға жетті. Стратегиялық мақсатқа жету үшін қолымызда бәрі бар: кадрлар, өндірістік және ғылыми-технологиялық мүмкіндіктер. Росатом үшін жаңа секторлардағы белсенділік – дәстүрлі ядролық-энергетикалық бизнестің құрған ресурстарын қолдана отырып, жаңа коммерциялық тұрғыдан жемісті бағыттарды ашудың амалы. Осы тұста халықаралық ынтымақтастық үшін тамаша мүмкіндік туып, екі жаққа да пайдасы тиеді», - деді А.Мертен.

Дөңгелек үстелде Росатом өнеркәсіптерінің өкілдері сөз сөйлеп, Росатомның бейядролық және бейэнергетикалық салаларындағы ауқымды тәжірибесі мен жобаларын таныстырды. Жоғарытехнологиялық бағытта Қазақстан үшін АЭС қана емес, сондай-ақ газмұнайхимия және жылу энергетикасы салаларында қолданылатын технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, инженерия және ақпараттық технологиялар қызығушылық тудыруы мүмкін. Шағын ГЭС жобасын таныстыра отырып, «Атомэнергомаш» АҚ халықаралық қызметінің директоры Роман Мурашов қондырғының негізгі артықшылықтары ретінде электр энергиясын өндірудегі салыстырмалы төмен өзіндік кұны, өндіріс пен іске асырудың қысқа мерзімділігі, қарапайым және жылдам құрастырылуын атады.

Шағын ГЭС ГАНЗ ЕЕМ («Атомэнергомаш» АҚ еншілес өнеркәсібі) венгриялық компаниясымен шығарылады.  Спикердің айтуынша, бұл алшақ орналасқан аудандарға арналған, бөгет салуды қажет етпейтін әрі өзендердің экологиясына зиян келтірмейтін тиімді экономикалық шешім.  

UMATEX Group компаниясының сатылымдар бойынша директоры Александр Игнатьев көлік, құрылыс және өнеркәсіп салаларына арналған көмір талшықтарын қолданудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Атомэнергомаш» АҚ Стратегия және даму департаментінің директоры Илья Лычев өзінің «Таза су» экологиялық қауіпсіздіктің негізгі факторы: тұщыландыру, суды дайындау, суды тазарту» баяндамасында энергиялық көздермен (АЭС немесе ЖЭС) біріктірілген тұщыландыру кешендері туралы, сондай-ақ суды дайындау саласындағы кешенді шешімдер, ақпасуларын тазарту, Қазақстанда керек болуы мүмкін энергетикалық және өнеркәсіптік нысандар жұмысына қажетті пайдалы суды алу жайында әңгімеледі.