Жаңалықтар

Алматыда Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтті

17.07.2017

Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында белгілі актер Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында белгілі актер Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Аңызға айналған актерме қоштасуға жүздеген адам келді, оның ішінде әріптестері, мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және алматылықтар бар. Сондай-ақ, театрда Толоконников жайлы естелік жазуға болатын кітап қойылған.

"Бұл еліміз үшін орны толмас қаза. Ол өзімен бірге бір дәуірде алып кетті. Актердің шығармашылығын есте сақтап, медет тұту ғана қалды", - деді Лермонтов атындағы театр директорының орынбасары Олег Гостев. Ол театрда аңыз актердің құрметіне орай еске алу кеші өтетінін айтты.

"Өмірдің заңдылығы солай, адамдар келеді, кетеді... оның бар өмірмі адамзатқа қызмет көрсетуге арналды. Актерлердің сондай ырымы бар - бұл өмірден сахнада тұрып қол үзгісі келетін. Солай болды, Толоконников түсірілім кезінде қайтыс болды. Өте қарапайым, бірақ сұмдық дарынды кісі еді. Кәсіби әрі адамгершілік құндылықтары Қазақстанның театр ұжымдары мен мәдениетіне тән деп ойлаймын", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Владимир Толоконников 75 жасында 16 шілдеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған.