Жаңалықтар

Қазақстанның жүргізуші куәлігі Ресейде жарамды болады

14.07.2017

Бүгін, Қазақстан, Қырғызстан және Беларусь тұрғындары үшін ресейлік жүргізуші куәлігін алуда шетелдіктерге қойылатын талаптар алып тасталды.

Бүгін, Қазақстан, Қырғызстан және Беларусь тұрғындары үшін ресейлік жүргізуші куәлігін алуда шетелдіктерге қойылатын талаптар алып тасталды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

БАҚ мәліметі бойынша, бұл өзгертулер Ресейдің Мемлекеттік думасында 14 шілдеде қабылданды. Өзгерістер орыс тілі ресми тілге жататын елдерге қатысты. 

Бұл Ресей аумағында кәсіпкерлігі және жұмысы тікелей көлік жүргізумен байланысты азаматтарға қатысты.