Жаңалықтар

Бүгін Ресей-Қазақстан жолы бойынша "Әлем жүгірісі" атты алау эстафетасы басталды.

13.07.2017

Бүгін таңғы 9-да Омбы қаласындағы Ленин алаңындағы «Мәңгі алау» маңынан  Омбы-Қарағанды жолымен өтетін "Әлем жүгірісі" атты алау эстафетасы басталды.

Жүгіруге қатысушылар аталған бағдар бойынша 2 мың шақырымнан артық жолды басып өтеді.

"Әлем жүгірісі" –бұл достық алау халықаралық сайысы, келісім мен бірлікке арқау еткен, әлемдегі мәдениетті қолдау мен дамытуды көздейтін әлеуметтік шара.  30 жыл аралығында алау ұстаған жаяу жүргіншілер әлемнің 155 мемлекетінде болып, 600 мыңнан астам шақырым жолды еңсеріп тастады.

Алау жарысының басты көздеп отырған мақсаты - барлық азаматтың әлем алауына қол тигізіп қана қоймай, әлемді мекендеген әр-бір азаматқа бірлік пен бітімгершілікті жеткізу болмақ.

4 тамыз күні шара қатысушылары Қарағанды қаласында мәре сызығын аттайтын болады.