Жаңалықтар

Қостанайда ғылыми-ағартушылық экспедиция жұмысын бастады

12.07.2017

Қостанайда жасақталған «Ұлы дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» атты ғылыми-ағартушылық экспедиция жолға шығады.

Құрамында тарихшылар, философтар, тілшілер, өлкетанушылар бар арнайы топ зерттеу жұмыстарын Торғай аймағынан бастағалы отыр. Бес күнге созылатын сапар барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелер шеңберінде бірталай істерді атқару көзделген. Соның бірі – өңірдің айтулы тұлғалары, әсіресе, Кейкі батырға қатысты мәліметтер іздестіру. Сондай-ақ Арқалық, Амангелді, Жангелдин аудандары аумағындағы музейлер мен тарихи нысандарды аралап, жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастыруды жоспарланған. Алмас Әбсадық, экспедиция жетекшісі: – Экспедиция барысында біз Қазақстанның сакральды географиясына қатысты деректер жинауды көздеп отырмыз. Яғни Қостанай–Торғай өңірінің киелі жерлерінің картасын жасауға, оны белгілеуге экспедицияның қосатын үлесі зор деп сенеміз. Сонымен қатар Кейкі батырға қатысты тың деректер, жаңа фактілер іздеуге бар күшімізді саламыз.