Жаңалықтар

Омбыдан Кенесары хан туралы 40 құнды құжат елге қайтарылды.

12.07.2017

Астанаға Омбы облысындағы тарихи мұрағаттан құнды құжаттар әкелінді.

Еліміздің бас қаласы-Астанада Кенесары хан жайлы тың деректерден құралған арнайы көрме жұмысын бастады.

Онда көпшілік назарына Кенесары хан, сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным ханым туралы бұрын кездеспеген құжаттар ұсынылды. Омбы облысы Тарихи архивіндегі Азаматтық соғысты зерттеу орталығының жетекшісі Галина Бородинаның айтуынша, қазақ халқының тарихы үшін маңызды құжаттарды зерттеушілер үшін алғаш рет көпшілік назарына ұсынып отырмыз. Қазақ тарихында елеулі орны бар тұлғаларға қатысты ең қызық деректерді іріктеп әкелдік.

Көрмеден XIX ғасырға тиесілі Ақмола облысының картасы мен өзге де құнды мәліметтерді көруге болады. 10-15 беттен тұратын 40 шақты құжатта Ақмола мен Омбы облыстарының барлық тарихын қамтитын деректері Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылады.