Жаңалықтар

Қазақстан Сирияда қақтығысты бəсеңдету аймақтарына бойынша РФ пен АҚШ қатысты уағдаластықтарын құптайды

12.07.2017

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирияның оңтүстік-батысында қақтығысты бəсеңдету аймақтары бойынша АҚШ пен Ресей арасында қол жеткізілген уағдаластықтар қорытындысы бойынша мəлімдеме жасады.

Қазақстан Америка Құрама Штаттары мен Ресей Федерациясы арасында Сирияның оңтүстік-батысында қақтығысты бəсеңдету аймақтарына қатысты соңғы уағдаластықтарын құптайды.

2017 жылғы 9 шілдеден бастап Сирияның Əл-Қунейтра, Деръа жəне Ас-Суйеда провинцияларында бітімнің орнатылуы бүкіл Сирия жерінде соғыс амалдарын толығымен тоқтату жолындағы тағы бір нақты қадам болып табылады.

Сириялық қақтығысты мүмкіндігінше тез арада реттеуге мүдделі барлық тараптарды, оның ішінде САР үкіметі мен оппозициясын соғыс амалдарын тоқтату режимін сақтауға шақырамыз.

Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта орнату үшін Ресей мен АҚШ жəне басқа да мүдделі тараптар арасында сындарлы өзара іс-қимылдың дамиды деген сенімдіміз.

БҰҰ аясында Сирия жөніндегі Женевалық бейбіт келіссөздерге толық қолдауымызды білдіреміз және сириялық дағдарысты реттеудің саяси процесі шеңберінде нақты шешімдерге қол жеткізіледі деп сенеміз.

Қазақстан Республикасы Сирияда ұрыс амалдарын тоқтату режимін нығайту бойынша Астана процесінің шеңберіндегі бейбіт келіссөздердің жалғасуы үшін жағдайларды одан әрі қамтамасыз етуге дайын.