Жаңалықтар

«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы балалар суреті байқауының қорытындысы шығарылды

9.06.2017

17 маусым сағат 14:00 «Сколково» инновациялық орталығы технопаркінде "Астана ЭКСПО – 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. 

Наурыздың 15-і мен маусымның 18-іне дейін созылған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы балалар суреті байқауына Ресейдегі отандастардың қоғамдық ұйымдарының 14 жасқа дейінгі мүшелері мен балалары қатысты. Барлығы 20 жұмыс қабылданды.

Ресей суретшілер академиясының мүсіндеме факультетінің деканы Ғалым Жиембайұлы Долмогомбетовтың төрағалығындағы байқау комиссиясы байқауды қорытындылап және жеңімпаздарды анықтады.  

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленді:

"Гран-при" аталымының жеңімпазы – Дисингалиева Диана ("Экспо тұмары 2017 Сəуле", Волгоград қ).

7 жасқа дейінгі топ:

  • 1 орын иегері - Мейірман Альбари, (" ЭКСПО-2017 ұшқыш машина", Санкт-Петербор қ);
  • 2 орын иегері – Макенова Самира, ("Күн-қозғалтқыш", Камышлов қ, Свердлов облысы);
  • 3 орын иегері – Ахмеджанов Тимур ("Болашақ энергиясы", Мокроусовский ауданы Қурган облысы);

11 жасқа дейінгі топ:

  • 1 орын иегері - Байғарин Данияр ("Самал жел алқабы",Мәскеу қ);
  • 2 орын иегері – Нұрпейісова Айна ("Күн энергиясын пайдалану болашағы", Тюмень қ);
  • 3 орын – Рыспаева Томирис ("Болашақ энергиясы: су және жел энергиясы", Мәскеу қ);

14 жасқа дейінгі топ:

  • 1 орын иегері - Кикенова Алтынай ("Күн және жел станциялары қолданылған толқынды электр станциясы",  Санкт-Петербор қ);
  • 2 орын иегері – Бекпаева Раушан ("Табиғат сыйы", Петухов қ, Курганск  облысы);
  • 3 орын иегері – Канжығалинова Әлия ("Энергетикалық кешені", Белоярский ауылы, Свердловск  облысы);

«Ең жас қатысушы» аталымында екі жасар Макенова Әдия ("Жаңа әлем", Камышлов қ, Свердловск облысы) марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ҚР Елшілігі жетекшілігімен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хаттары табысталады.

Салтанатты рәсім аясында «Сколково» технопаркіне саяхат жасалады.  18 маусым сондай-ақ Тарихи музей мен Қызыл алаңға бару жоспарлануда.

Сонымен бірге, «Көрермен көзайымы» аталымында жеңімпазды анықтау үшін дауыс беру басталады.