Жаңалықтар

Павлодарлық өнер ұжымы Мәскеуде өткен байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

11.01.2019

Павлодар облыстық оқушылар сарайының "Свет звезды" үлгілі ән театры Мәскеу қаласында 2019 жылдың 6 қаңтарында өткен "Рождественские звёзды" атты Халықаралық жаңа жылдық фестиваль конкурсына қатысқан болатын.

Аталмыш фестивальге Польша, Израил, Абхазия,  Беларусия, Шри-Ланка, Қазақстан Республикаларынан ұжымдар қатысып, сондай-ақ Ресей мемлекетінің  60-тан аса қалаларынан қатысушылар жиналды.

Біздің ұжым фестиваль Дипломы және Кубогына қол жеткізді. «Рождественские звёзды» фестивалінде театр әншілері Тамила Рахимбаева және Дарья Иванченко "I'm in Love with a Monster" атты әнді орындап бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар конкурста 1-ші орынды Медина Күмісбек және Мария Варламова иеленді. Медина Шәмші Қалдаяқовтың "Бақыт құшағында" әнің орындап, ал Мария «Калинка-малинка» деген орыс халық әнің орындап берді. 

"Свет звезды" ән театрының "Super LIKE" тобының ең кішкентай жұлдыздары мәскеулік сахынада алғаш рет өнер көрсетіп 2-ші орынға қол жеткізді. Олар балаларға арналған поппури орындады. Жас таланттар Оқушылар сарайында өнермен 4 жасынан бастап айналысып келеді.

"Свет звезды" үлгілі ән театрының жетекшісі Елена Валькоға конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмысының кәсібилігі мен жоғары көркемдік деңгейін растайтын сертификат берілді.

Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаеваға "Жизнь городов" фестиваль комитеті атынан алғыс хат табысталып, "Свет звезды" үлгілі ән театрының конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырған жұмысы үшін шексіз алғыс айтылды.

Фестиваль қатысушыларын Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский, әншілер Полина Гагарина және Ани Лорак, сондай-ақ ресейлік теле жүргізуші Оксана Федорова қарсы алды.

Фестиваль-форумның шеңберінде барлық қатысушылар Кремель шыршасына, Мәскеу циркіне, роллердром, хайуанаттар бағына барып, мерекелік жаңа жылдық Мәскеу бойынша қыдырды.

Елена Валько, "Свет звезды" үлгілі ән театрының жетекшісінің айтуы бойынша:

– Шығармашылық балалар форумы өте қызық, танымдық болып өтті. Бұл шара мыңдаған балалардың тағдырына керемет маңызды оқиға болып қалады. Еңбегі сіңген мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері жас ұрпаққа өздерінің шеберлігімен, таланттарымен бөлісті. Ұйымдастырушылар балаларды жаңажылдық ертегі әлеміне бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.