Жаңалықтар

"ХБО" АҚ басшылығы Мәскеу авиациялық институтының өкілдерімен кездесті

10.01.2019

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешов пен Мәскеу авиациялық институтының (Ұлттық зерттеу университеті) өкілі Денис Высоцкихпен кездесу өтті.

Екіжақты кездесу барысында "ХБО" АҚ және МАИ өкілі арасында екі ұйым арасындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.

"ХБО" АҚ президенті Ж.Мелдешовпен сұхбат барысында МАИ өкілі Мәскеу авиациялық институтында қазіргі сәтте 50 қазақстандық студент білім алып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, МАИ тарапынан "бакалавриат" және "магистратура" бағдарламалары бойынша қазақстандық студенттердің санын арттыруға деген қызығушылық барын айтып кетті.

Бұдан басқа, Д.Высоких қазақстандық студенттердің қашықтан оқуға түсу мүмкіндіктері мен институттың бағдарламалары туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді.