Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 7,2%-ға артқан

14.12.2018

2018 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 15520,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,2%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 4796,4 млн. АҚШ доллары (11,1%-ға өсті), импорт – 10723,6 млн. АҚШ доллары (5,6%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,4%, Беларусь Республикасына - 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.