Жаңалықтар

Сирия мәселесі бойынша Астанадағы кезекті келіссөз 28-29 қарашада өтеді

19.11.2018

Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кезекті келіссөздер Астанада қарашаның 28-29 аралығында өтеді.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Үкімет қабырғасында хабарлады. Байқаушы ретінде Біріккен ұлттар ұйымы және Иордания мемлекетінің өкілдері шақырылды.

Бұған дейін елордамызда 9 басқосу өтті. Оған Сирия үкіметі мен оппозициялық топ мүшелері қатысқан. Кепіл елдер арасында Ресей, Түркия мен Иран бар.