Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 8,7%-ға артқан

15.11.2018

2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 982,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға артты, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 4 349,2 млн. АҚШ доллары (12,4%-ға өсті), импорт – 9 633,3 млн. млн. АҚШ доллары (7,2%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 3,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.