Жаңалықтар

Қазақтың Паганиниі Омбыда өнер көрсетті

19.10.2018

Қазақстандық скрипка өнерінің асқан шебері Руслан Тұрынтаев Омбы Филормониясының концерттік залында өнер көрсетті. Қазақтың Паганиниі атанған жас виртуозымыз Маэстро Владимир Спиковпен Чайковскийдің скрипкалық шығармасын орындады.

Орындау шеберлігіне тәнті болған көрермендер музыканттарды сахнадан жібермеді. Ал, "Орыс жауһарлары" бағдарламасын қазақстандық музыкант Омбы академиялық симфониялық оркестрімен бірге орындады. Музыкалық қойылымның дирижері Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Юрий Ткаченко болды.

Аталмыш концерт С.В.Рахманиновтың туғанына 145 жыл және П.И.Чайковскийдің қайтыс болуына 125 жыл толуына арналды.
Қазақстандық музыкант Руслан Тұрынтаев – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының студенті. Айта кетйік, жерлесіміз Германия, Израиль, Италия, Мексика, Франция сынды елдердің саxналарында өнер көрсеткен.