8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.
Сапар барысында Санкт-Петербургтің Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді іздеуге, өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамытуға арналған іскерлік байланыстар биржасы өткізіледі.
Қазақстандық компаниялар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, электр-техникалық жабдықтарды, химиялық өнімдерді, фармацевтикалық препараттар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын салалардағы кәсіпорындармен ұсынылатын болады.
Іс-шара бағдарламасында сауда-экономикалық форумға қатысу, Санкт-Петербург пен Ленинград облысының бизнес-топтарымен іскерлік байланыстар өткізу, "Петерфуд-2018" Халықаралық азық-түлік көрмесі мен кәсіпорындарға бару көзделген.
Өтетін орны: Санкт-Петербург қ., Чайковский к-сі, 46-48, Санкт-Петербург Сауда-өнеркәсіп палатасының ғимараты, 2-қабат.
Байланысушы тұлға: Динара Жаңбырбаева, тел.: +7 (7172) 279 616 (ішкі 203)