Жаңалықтар

Ресейлік жастар Поволжья қазақтарының тарих-мәдениетімен танысты

18.10.2018

Ресейдің Саратов салалық технологиялар техникумының студенттері "Қазақстан" жергілікті мәдени орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Поволжья аймағындағы қазақстардың төл мәдениеті мен тарихымен етене танысу болып табылады.

Жиын барысында Саратов өңірлік қазақ мәдениеті орталығының жетекшісі Үмітқан Джунельбаева студенттерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Саратов облысы аумағында шығарылатын қазақ тіліндегі әдеби басылымдарға шолу жасады. Мұнан соң, жастар қазақ музыка өнері  және қазақтыңұлттықкиімдерінің ерекшеліктерімен танысты.

Айта кетейік, Саратов технологиялар техникумның басшыларының қолдауымен осы сынды кездесулер жиі орын алып отырады. Тек соңғы жыл ішінде Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас, екі елдің тарихы мен мәдениеті мәселелеріне арналған бірнеше бірлескен іс-шаралар дайындалып, өткізілген болатын. Жиын соңында ұйымдастырушылар қазақтың тарихы тереңдете жатқандарын жеткізіп, аталмыш басқосудың жастарға берері мол екендерін айтып өтті.