Жаңалықтар

Қазақстандық докторанттар Сыктыквар қаласында тағлымдамадан өтуде

18.10.2018

Лев Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуда.

Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің бастаушы білім беру қорларымен, ғылыми-зерттеулер, студенттермен, оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен 120-ға жуық келісім-шарт жасасқан. Сондай-ақ, ЕҰУ халықаралық университеттер – ШЫҰ елдерінің университеттері, ТМД Желілік университеттерінің толық мүшесі болып табылады. Осы орайда, ЕҰУ- нің тарих  факультетінің докторанттары Ресей Федерациясындағы мемлекеттік маңызы бар Сыктыквар қаласына тағлымдамадан өтуге келді.

Солардың бірі Мадияр Әбдіразақов Қазақстандағы заманауи урбанизация үрдісінің тарихымен айналысады, ал оның әріптесі Саят Нәбиев "ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қазақстандағы Кеңес өкіметінің қарсылығы", – атты зерттеулер жүргізбек.

Аталмыш ғылыми орталықта докторанттар Ресей мен Қазақстанда болған тарихи процестерді салыстыру үшін материалдар жинайды, жетекші ғалымдардың ғылыми жұмысының әдіснамасын зерттеу үшін тарих ғылымдарының докторы Игорь Жеребцовқа тағылымдамадан өтуге арнайы келіп отыр. Тағлымдаманың мақсаты – ғылыми конференцияларға қатысып, халықаралық зерттеулер жобаларында бірлесе жұмыс істеп, тәжірибемен бөлісу болып табылады.