8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Астанада Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің ұйымдастыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің өндірістік саясат жөніндегі кеңесінің бесінші отырысы өтті.
Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің сандық экономикасын дамыту мен оны іске асыру және осы елдер арасындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ химия өнеркәсібі саласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
Ресейдің Менделеев атындағы химия-технология университетінің ғылым жөніндегі проректоры Анна Шербина ТМД-ға мүше мемлекеттердің химия өнеркәсібінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша негізгі ұйымдардың қызметі туралы баяндама жасады.
Мемлекеттердің өндірістік саясаты жөніндегі кеңесінің маңызды бағыттарының бірі – мүдделі құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты орнату, жеңіл өнеркәсіп саласында қолданыстағы және жаңа кооперативтік байланыстарды тереңдету, өндірістік ынтымақтастық саласындағы ТМД нормативтік базасын жаңарту болып табылады.
Тағы бір бағыт – Ірі машина жасау кешендерінің негізінде мұнай-газ машин құрастыру кешендерін қамтамасыз ету, сұйытылған табиғи газ технологияларын, геологиялық барлауға арналған жабдықты бұрғылау, өндіру, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, пайдалану тәжірибелерімен алмасу.
Қазіргі уақытта өнеркәсіптік сектордың сандық трансформациясы әлемдік басымдықтардың бірі.
2013-2017 жылдар арасында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өндірістік саясат жөніндегі кеңесінің 4 отырысы өтті, индустриялық саясат саласындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтитын 40-тан астам мәселесі қаралды.