Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев: Ғарышқа жетудің ең қысқа жолы – Байқоңыр айлағы

19.07.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағының артықшылығын атады.

Мемлекет басшысы "Байқоңырдың" ғарышқа шығудың ең қысқа жолы екенін айтқаны туралы бейнероликті ҚР Президентінің телерадиокешені инстаграмдағы ресми парақшада жариялады.

"Байқоңыр адамды ғарышқа ұшыру үшін ең қолайлы айлақ болып табылады. Біріншіден, онда барлығы экватор сызығы бойынша есептелген. Бұл жерден ғарышқа ең ауыр жүк шығарылады. Адамның ғарышқа ең жылдам шығуының жолы да дәл осында. Бұл айлақ ауқымды зерттеу нәтижесінде таңдап алынды", – деді Президент.