Жаңалықтар

Қазақстандықтар ӘЧ-2018-де Криштиану Роналду туралы көп іздеген

18.07.2018

"Яндекстің" сарапшылары қазақстандықтардың әлем чемпионаты – 2018-де кімге көбірек жанкүйер болғанын анықтады. Сарапшылар 14 маусымнан 15 шілдеге дейін қазақстандықтардың іздеу жүйесін зерттеген.

Бірінші орында сұраныс көлемі бойынша Криштиану Роналду тұр. Екінші орын Лионель Мессидің еншісінде. Желі қолданушылары Португалия капитаны туралы Аргентина капитанына қарағанда екі есе көп іздеген.

Үшінші орында Неймар. Үздік ондыққа Ресей құрамасының төрт бірдей футболшысы енген, олар: Акинфеев, Дзюба, Черышев, Фернандес.

Хорватия құрамасының белді мүшесі Лука Модрич де ондықта.

Ал сұраныс көлемі бойынша үздік матч – Ресей мен Хорватия арасындағы ойын. Екінші орында Испания – Ресей. Үшінші орында – Ресей мен Уругвай кездесуі. Франция мен Хорватия кездесуі төртінші орынға жайғасты.