Жаңалықтар

Ресейде өтетін «Танк биатлоны-2018» халықаралық әскери ойындардың дайындығы пысықталды.

18.06.2018

Танк биатлоны жеке және команда болып жарысатын екі кезеңнен тұрады. Басты талап арнайы кедергілерден сүрінбей өтіп, белгіленген қашықтықты жылдам меңгеру. Жарыс әскери тәжірибені пысықтау мен әскери техниканы меңгеру машықтығын тексеруге арналған.

Қазақстандық танкшілердің Аягөздің «Байлин» полигонындағы танк биатлоны жарысына дайындық барысына тоқтала келе, «Биылғы дайындықты ерте бастадық, алдарыңызда Қазақстан бойынша үздік деп таңдалынып алынған экипаждар өз дайындықтарын көрсетуде. Қазірде танкті меңгеру мен кедергілерден өту жоғары нәтижеде, ендігі мақсат уақыт жылдамдығын пысықтау. Аталған шарада біз әскери шыңдалуымызды көрсетіп қана қоймай, әскердегі үздік тәжірибемізді паш етеміз. Танк биатлоны чемпионаты қатысушы елдердің қарулы күштерінің әскери ынтымақтастығымен жауынгерлік достастығын нығайтуға бағытталған деді,- Астана өңірлік қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары, полковник Юрий Асқаров.

Қазақстан өткен жылғы танк биатлоны халықаралық әскери ойынында 2-орын иеленді.