Жаңалықтар

Кәмшат сәуегейінің болжамынша ӘЧ-2018-де Ресей құрамасы тағы да жеңіске жетпек

18.06.2018

Кәмшат бұдан бұрын ресейлік аяқдопшылар Сауд Арабиясын жеңеді деген болжам жасаған еді.

Сочидің аквариумында тіршілік ететін Гарри есімді кәмшат Ресей құрамасы футболдан әлем чемпионаты – 2018-дің іріктеу кезеңінің екінші айналымында Мысырды жеңеді деген болжам жасаған еді. Бұл туралы БАҚ-қа "Сочи аквариумы" директорының орынбасары Жанна Зазина хабарлады.

"Екінші рет ол Ресей құрамасының жеңетінін болжап отыр, бұл жолы Мысыр командасына қарсы ойында. Гарри Ресей елінің елтаңбасы бейнеленген допты таңдады", – деді ол.

Әлгі тірі жан бұдан бұрын ресейлік аяқдопшылар Сауд Арабиясын жеңеді деген болжам жасаған еді. Ресей 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.