Жаңалықтар

Елшіліктің Ораза айт мейрамымен құттықтауы

15.06.2018

Бүгін 30 тәулікке созылған Рамазан айы аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам – Ораза айт басталды.

Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілігін әкелсін! 

Ораза айт – отыз күн оразаның бөлінбес құрамы, тыныққан жан дүниенің өз әлеміне мол сабыр, салмақпен, ал айналасына дүниенің кеңдігімен қарап, рахатқа кенелуі, жүректі жұмсартып, ниетті нұр шалуы. 

Ораза айт адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым жылуын ұялатсын! 

Осы мерекеге орай Қазақстан Елшілігі баршаларыңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілейді! Ораза айт қабыл болсын!