Жаңалықтар

"Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" V байқауына өтінімдер қабылдауашық деп жарияланады

18.05.2018

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен бірлесе отырып, 5-ші рет өтетін "Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" жыл сайынғы байқауын ашық деп жариялайды.

4 жыл бойы біз өз жұмыстарында қазақстандық болмыстың түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, анық және объективті баяндаған және өз материалдарын шетелдік БАҚ-та жариялаған авторларды іріктеп келеміз.

Байқауға қатысуға 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына Сыртқы істер Министрі және Министрдің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Бас редакторлар клубының Президенті кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Өтінімдерді 2018 жылғы 5 маусымға дейінгі мерзімде  kazembassyru@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.

  • -Оңтүстік және Солтүстік Америка;
  • -Еуропа;
  • -ТМД және Балтық елдері;
  • -Таяу Шығыс және Африка;
  • -Азия, Австралия және Океания елдері болып жіктелген

географиялық бағыттардан іріктелген 5 жеңімпаз 2018 жылғы тамыз айында Астана, Алматы қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару және ауқымды мәдени бағдарлама кіретін, Қазақстанға сапар түріндегі жүлдеге ие болады.

Бұдан өзге, қазақстандық және шетелдік кәсіби топтардың арасындағы ұзақ мерзімді байланыс және ынтымақтастық құруға жәрдемдесу мақсатында байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен,сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениетқызметкерлеріменкездесулеріұйымдастырылатын болады.

Байқау қорытындылары Елорда күні қарсаңында, ү.ж. 2 шілдеде жарияланады.