Жаңалықтар

Рамазан айының келуіне орай құттықтау хат

17.05.2018

Құрметті мұсылман бауырлар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз.

Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша мұсылман халқының ынтымақ-бірлігі берік болғай!