Жаңалықтар

Астрахан облысында Қазақстан-Ресей оқу-жаттығулары өтеді

16.05.2018

5-8 қыркүйек аралығында РФ, Астрахан облысында Астрахан - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы күре жолында төтенше жағдай кезінде автокөліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша бірлескен оқу-жаттығулар өтеді.

Шараны өткізудегі мақсат – төтенше жағдайлар кезіндегі арнаулы қызметтердің шұғыл әрекеттерін тексеруден өткізу. Оған екі елдің атқарушы билік органдары, ТЖМ және ІІМ-нің өңірлік құрылымдары, шекарашылар, әскерилер, медицина қызметкерлері – жалпы 50 адам қатысты.

"Росавтодор" мұндай оқу-жаттығуларды соңғы бес жылда тұрақты түрде өткізіп келеді. "Каспий" федеральдық автомобиль жолдары басқармасының бастығы Сергей Щербактің айтуынша, мұндай шаралар төтенше жағдайлар кезінде барлық арнаулы қызметтердің үйлесе қимыл жасау тәжірибесін арттырады.