Жаңалықтар

Ресейлік ғарышкер Астананың ғарыштан түсірілген суретін жариялады

14.05.2018

Белгілі ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров Астананың ғарыштан түсірілген суретін жариялады. Айтуынша, елордамызды ғарыштан суретке түсіру ұсынысы қазақстандық оқырмандардың тарапынан түскен.

"Қазақстандық оқырмандар ел астанасын ғарыштан суретке түсіріп беруді жиі өтінеді. Мінеки, Қазақстанның інжу-маржаны – кереметтей Астана! Қала Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Суреттен Есілді де, қала айналасында орналасқан көптеген көлдерді де анық көруге болады. Сурет бірнеше апта бұрын түсірілген, мына суреттегі қала мұз құрсауынан енді ғана шығып жатыр. Ал қазір Астанада көктем жарқырап тұрған шығар?!" – деп бөлісті ғарышкер.

Қазақстандықтар ресейлік ғарышкерге алғыстарын жеткізді.