Жаңалықтар

Ресейдің Мамаев қорғанында еліміздің майдангерлеріне арналған ескерткіш қойылады

24.04.2018

Ресейдегі Мамаев қорғанындағы майдангерлер қорымына ескерткіш орнатылады.

27 сәуір күні қойылатын ескерткіш тастың табанына туған жердің топырағы төселмек. Отандық генералдар кеңесінің бастамасымен еліміздің тоғыз аймағынан топырақ алынған. Алматы топырағы уақыт капсуласына салынды. Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ардагерлер марқұмдардың ескерткіші алдында гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Рүстем Қайдаров, "Генералдар кеңесі" РҚБ Президиумының төрағасы:

"Біз осы жолы барып, ескерткіш қойғанда осы топырақтарды ескерткіштің астына саламыз ғой. Сол ескерткішті ашуға Ресейде тұратын қазақтарды он екі аймақтан делегация етіп шақырдық".